"Тым жас көрінеді": Актриса Сая Оразғалиева өзінен 6 жас кіші күйеуі туралы

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Актрисаның сөзінше, ол Рүстемді алғаш әлеуметтік желіден байқап, парақшасына кездейсоқ жазылып кеткен. Кейін екеуі бір-бірінің стористеріне реакция білдіріп, біртіндеп сөйлесе бастаған. Ал Рүстем үшін Сая жастық шағындағы ұнатқан актрисасы болған.

Бастапқыда Сая Оразғалиева одан айтарлықтай үлкен үміт күтпегенін жасырмады.

“Маған ол тым жас көрінді. “Жарайды, Instagram-да сөйлесіп жүрерміз” деп ойладым”, – деді актриса.

Олардың қарым-қатынасының өрбуіне Рүстемнің қамқорлығы себеп болған. Сая жаттығудан кейін тізесі ауыратынын айтқанда, ол актрисаны дәрігерге өзі жаздырып, тексерілуіне көмектескен. 14 ақпанда гүл жіберіп, көңіл бөлген. Осыдан кейін екеуі кездесуге келіскен.

Актриса алғашқы кездесуден кейін күн сайын араласып, содан бері ажырамағанын айтады. Саяның сөзінше, бұрынғы қарым-қатынастарында серіктестерінің сезімін түсіну қиын болса, Рүстем керісінше ашық сөйлесіп, ойын жасырмайтын адам болып шыққан. Бұл актрисаға өзін еркін әрі жайлы сезінуге мүмкіндік берген.

Сая Рүстемнің өзінен алты жас кіші екенін де айтты. Алайда жас айырмашылығы олардың қарым-қатынасына кедергі болмаған. Керісінше, Рүстем үшінші кездесудің өзінде ниетінің байыпты екенін ашық жеткізген.

“Ол маған уақытынды босқа алғым келмейді, менің ниетім түзу деді. “Көре жатармыз” деп созбалаңға салмады. Маған осы қасиеті қатты ұнады”, –  деді Оразғалиева.

Актриса сондай-ақ желіде өзін Рүстем үшін ажырасты деген пікірлердің тарағанын жоққа шығарды. Оның айтуынша, олар танысқан кезде екінші некесі аяқталғанына бір жыл болған.