Аталған видеоны журналист Гүлмира Әбіқай жүктеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Бейнкөріністе әкімдік алдына жиналған халық түрлі сұрақтар қоя бастайды. Бірақ жан-жақтан қойылған сауалдар әкімнің қытығына тиген сияқты ауыр сөз айтып қала жаздап барып, әрең тоқтаған.
"Алматы облысы бойынша қамалған жастарға қатысты жөн сұраған Халыққа басу айту орнына "епт" деп боқтай жөнелген облыс әкіміне не жорық?
Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі. Тағайындалғанына 2 ай болмаған білдей обл әкімнің жиылған жұртқа айтатын сөзі осы ма еді? Қиын кезде басу айту орнына шамына тиюі - үлкен қателік һәм Бозымбаевтың мемлекеттік қызметкер әдебін сақтамау деп санаймын.
Халықтан асқан сыншы, халықтан асқан күш жоқ.
Барша әкімдер халықтың Қарғысын емес алғысын арқалауға тырысыңыздаршы!",- деп жазды Гүлмира Әбіқай.
ВИДЕО мына сілтемеде: https://www.facebook.com/100003191968019/videos/307970604602610