"Ж. Арықова мүлкін тәркілеумен 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратын ауыр қылмысқа айыпталып отыр",- деп түсіндірді Айжан Қасымқалиева.
Адвокат, Ж. Арықова - үш жасар баласы бар жалғыз басты ана, ал айыпкердің анасы екінші топтағы мүгедек болып табылатындығын, атап көрсетті. А. Қасымқалиеваның айтуынша, парламенттің баспасөз қызметінің қызметкеріне кепілдік беруші депутат Рахатбек Исралиев пен бұрынғы әріптестері Ж. Арықоваға тек жақсы сипаттама беруде, бірақ бұл қалалық соттың шешіміне ешқандай әсер етпей отыр.
Бұрын хабарлағанымыздай, Қырғызстан парламентінің баспасөз қызметінің аға кеңесшісі Ж. Арықова үстіміздегі жылдың маусымында қытайлық дипломатқа құпия мәліметтер беру кезінде ұсталған болатын. Ж. Арықова содан бері қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторында қамауда отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті