Тыныштық күні үгіт жүргізген: прокурор бірнеше адам заңмен жазаланғанын мәлім етті

Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының басшысы Бекжан Қараманов жаңа жаңа Конституцияға байланысты референдумдағы жағдайдан хабардар етті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Ол сөз басында прокуратура органдары республикалық референдум өткізу барысында заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды қамтамасыз етіп жатқанын мәлім етті.

«Кеше қоғамдық пікірге екі заңсыз сауал салу және тыныштық күні үгіт жүргізудің екі фактісі тіркелді. Олар анықталып, кінәсін толық мойындады. Оларға айыппұл салынып, заңсыз постары жойылды.

Ол сөзін жалғай отырып, дауыс беру қазіргі уақытта заң аясында өтіп жатқанын тілге тиек етті.

«Енді референдумға қатысты өтініштерге тоқталар болсақ, бұл күндері прокуратура мен соттар оларды қарауға міндетті. Бүгінгі таңда прокуратура органдары мен соттарға мұндай өтініштер түскен жоқ. Жалпы дауыс беру процесі құқықтық алаң аясында өтіп жатыр. Референдум өткізуде заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасып жатыр», – дейді прокурор.