Caravan Logo

Түркия үкіметі су тасқынымен күресте Қазақстанға көмектесуге дайын екенін мәлімдеді

Түркия үкіметі су тасқынымен күресте Қазақстанға көмектесуге дайын екенін мәлімдеді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

«Қазақстанның түрлі аймақтарындағы су тасқыны жағдайының салдарын өкінішпен қабылдадық», - деп хабарлады Түркия Сыртқы істер министрлігі.

Су тасқыны үлкен шығын әкеліп, су басқан аймақтарда тұратын қазақстандықтарды эвакуациялауға мәжбүр етті.

Қазақстан халқы мен үкіметіне шын жүректен тілектестігін жеткізген министрлік су тасқынымен күресте Түркия Қазақстанға кез келген көмекті көрсетуге дайын екенін айтты.

Бұған дейін Қырғыз Республикасы Қазақстанға 300 тонна гуманитарлық көмек жібергенін жазған болатынбыз.