Түркістан, Ақтау және Атырау су үнемдеу жобасына қосылады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі Рашед Мұстафа Сарвармен кездесті. Тараптар «Су және білім» жобасын кеңейту мәселесін талқылады. Жоба Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы» КЕАҚ және Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылып келеді.