Caravan Logo

Түркістан облысындағы мақта кластеріне 1400 жұмысшы қажет

Түркістан облысындағы мақта кластеріне 1400 жұмысшы қажет

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Арыс қаласы мен Отырар ауданындағы 32 мың гектар алқапқа мақта кластері құрылады. Бүгінде бұл бағыттағы жұмыстар басталып та кетті. Аталған жоба аясында «Алтын Мақта» ЖШС-не 1400 жұмысшы маман қажет.

Атап айтар болсақ, 50 – трактор жүргізушісі, 250 – жүк тиеуші, 300 – дән себу кезіндегі жұмысшылар, 400 – тамшылатып суару жүйесін жалғаушылар, 400 – егістік алқабын бақылаушы керек. 

-Әрбір маманға 300 000 – 350 000 теңге аралығында жалақы беріледі. Басқа аудан, қалалардан келетіндерге тұратын жер мен үш мезгіл тамақ қарастырылған. Басты міндетіміз - әрбір жұмыссыз азаматтың тұрақты жұмысқа орналасып, лайықты өмір сүруіне жағдай жасау, – дейді облыстық еңбек мобильді орталығының директоры Абзал Дәулетұлы.