Түркістандық хирургтар 99 жастағы науқастың өмірін сақтап қалды

Бұл туралы 2026 жылғы 23 ақпанда өңірдің Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп жазды Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Дәрігерлердің айтуынша, науқасқа жабық көпжарқыншақты сол жақ сан сүйегінің төменгі үштен бір бөлігінің ығысуы мен сынуы диагнозымен шұғыл күрделі хирургиялық көмек көрсетілді.

Бұл жарақат егде жастағы науқастар үшін аса қауіпті. Ол түрлі ауыр асқынуларға алып келуі мүмкін.

"Соған қарамастан, дәрігерлердің кәсіби біліктілігі, дұрыс таңдалған ем тактикасы және үйлесімді командалық жұмысының нәтижесінде ота сәтті өтті. Мұндай жастағы науқастарға күрделі операцияны сәтті жасау – дәрігерлердің үлкен жауапкершілігі мен жоғары кәсібилігінің нақты көрінісі".

Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі