Вайнердің жары, блогер, актриса Дана Есеева Дина Төлепбергенге берген сұхбатында түрме күйеуін өзгерткенін айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Дана Есееваның айтуынша, түрмеге түскен адам міндетті түрде жаман немесе жақсы жаққа қарай өзгереді.
"Расында да адам түрмеден бұрынғы қалпында шықпайды. Адамның жаман болып шығуы да, немесе әлдеқайда жақсы жаққа өзгеріп шығуы да әбден мүмкін. Қазір Мейіржанның басынан өтіп жатқан дүние өте терең және мықты тәжірибе. Мен онымен кездескенде бұл тәжірибенің оған пайдалы болып жатқанын ғана көремін. Біз кездескен сәтте сағаттап сөйлесе аламыз. Бес жыл бұрынғы бір сұхбатымда әйел күйеудің артында тұру керек деп айтқанмын. Үнемі Мейіржанды өзімнен бір саты жоғары қойып, өзім оның артында болатынмын. Мен күйеуімнен жоғарырақ көрінуге қорықтым. Отбасымызда баланс сақтағым келді. Бірақ, өмірімізде менің алдымда күйеуім тұра алмайтын жағдай орын алды. Сондықтан бұл оқиға мен үшін де үлкен сабақ болды. Сөздің құдыреті өте күшті екенін түсіндім. Егер бір сөзді асқан сенімділкпен айтсаң, сен Құдайдың орнына шешім қабылдап қоясың", - дейді ол.