”Түсіңізде көрмеген ақшаны төлеп отыр” - Динара Сәтжан күйеуінің алимент төлемеуі туралы сұраққа жауап берді

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында оқырманы қойған сұрақ кезінде жауап берді, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Алимент жағынан ол жақта бәрі жақсы. Түсіңізде көрмеген ақшаны төлеп отыр”, - деп жауап берді Динара Сәтжан.

Естеріңізге сала кетейік, Жұмабек Жанақұлдың бұрынғы әйелі мүлікке байланысты мәселе барын айтып, TikTok желісіне арнайы видео жариялаған еді.

”Маусымның 24-і күні сот процесі өтіп, судья шағымданушы тараптың бірдғ бір өтінішін қанағаттандырмады. Салық басқармасынан алынған ресми жауапқа сәйкес “Қаражал Оперейтинг” деген тек бір ғана компанияның үг жылдағы табысы 20 миллиард теңгеден асқан. Оның ондай компаниясының 18-і бар. Бірақ судья оған мән берген жоқ. Соттың әділ өтуі үшін көпшіліктен көмек сұраймын”, — деді әйел.