Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ұсталған 10 адамның біреуі ғана бостандықта жүрген. Бірақ пробациялық бақылауда болыпты. Қалғаны кісі өлтіру, қарақшылық баптары бойынша сотталғандар. Арасында экстремисттік әрекеті үшін жазасын өтеп жатқаны да бар. Барлығы діни радикализмді ұстанған. Олардың түзеу мекемесіндегі жатын орнын тінткен кезде суық қару, сматрфон және өзге де айғақ заттар тәркіленген. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.