ТЖ министрлігі дауылдан шатыры зақымданған ғимараттар санының артуына алаңдаушылық білдіріп отыр

Бұл туралы ТЖ министрі Владимир Божко мәлім етті.

«Дауыл кезінде ғимараттардың шатырын ұшырып әкету фактілері көбейді», - деді ол дүйсенбі күні мәжілісте өткен «үкімет» сағатында.

Ведомство басшысының айтуынша, 2013 жылы 35 күшті дауыл болған. Төтенше жағдай кезінде 10 адам түрлі деңгейде жарақат алып, 1 мың 338 ғимараттың шатыры зақымданған. Табиғаттың тосын мінезінен келтірілген материалдық шығын 3 млрд теңгеден асады. Аталған қаражат мемлекет бюджетінен бөлінді.

«Бұл фактілер ғимарат шатырларының конструкциясын мықты етіп жасау қажеттігін дәлелдейді. Әсіресе, 2006-2013 жылдары пайдалануға берілген ғимараттардың шатырларының осалдығы алаңдатып отыр. Бұл құрылыс компанияларының шатырды жабу жұмыстарын сапасыз атқаратынын көрсетеді», - деді В.Божко.