ТЖД: Ақтөбеде 1400-ден астам адам эвакуацияланды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Белгілі болғандай, 1417 адам эвакуацияланды, оның ішінде 623 бала эвакуациялау пункттеріне орналастырылды.

Еске салайық, ауа райының күрт жылынуы салдарынан Ақтөбе қаласы, Елек өзені бойында бау-бақша ұжымдарындағы үйлерге еріген қар суы кіру қаупі туындаған болатын.

Отырыс нәтижесі бойынша Ақтөбе қаласы Елек өзені бойындағы бау-бақша ұжымында тұратын халықты уақытша орналастыру орындарына көшіру туралы шешім қабылданды.