«Пиротехниканы тек арнайы дүкендерден сатып алған дұрыс. Қорапшасындағы барлық жазулары шығарылған фирмасы, шығарған және сақталу мерзімі толық көрсетіліп, тек мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған болуы қажет. Ең бастысы, бұйымды қалай қауіпсіз пайдалануы жөнінде нұсқама қоса тіркелуі қажет», - дейді департаментте.
Пиротехниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын міндетті түрде сақтау керек. «Салют атарда құрылыстан алшақтау жерде ашық алаң болуын есте ұстаған жөн. Ал бенгал шырақтарын пайдаланып болып, қоқысқа тастарда оның үстіне міндетті түрде су қоюды ұмытпау керек», - делінген таратылған хабарламада.
«Ал шыршаға қатысты айтатын болсақ, олар табиғи болса да, жасанды болса да өте тез тұтанады. Табиғи шыршаны су құйып сөндіру оңай, жасанды шыршаны тұтанса сөндіру күрделірек болады. Сондықтан бөлмеде жаңажылдық шыршаны безендіруде міндетті түрде осындай сақтық шараларын алдын ала нақты ойластырған жөн. Қорыта айтқанда, мерекеде барлығы да бақылауда болып, қауіпсіздік сақталуы керек, - деп ескертеді ТЖД.