ТЖМ қызметкерлері бір күнде қар құрсауында қалған 200-ден астам адамды құтқарды

деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Қостанай облысында сәрсенбі күні Арқалық-Торғай автожолының бойында қар құрсауында 77 адам мен 30 техника қалды. ТЖБ облыстық ауданаралық жолда құтқару кәсіпорнымен бірлесіп, жолаушылары бар барлық автокөлік құралдары тазартылған жолға шығарылып, кейін алған бағыттары бойынша сапарларын жалғастырды.

Қарағанды облысында Ұлытау ауданының Ұлытау ауылы - Сарлық ауылы жолында қар құрсауында 15 адам мен 3 автокөлік қалды. ТЖБ мен аудан әкімдігінің күшімен жолда тұрып қалған барлық автокөліктер қардан шығарылып, Сарлық ауылына дейін жеткізілді. Барлығы бұл күні аймақта 109 адам мен 41 техника қауіпсіз жерге шығарылды.

Сонымен бірге, Ақтөбе облысында Ақтөбе облысының ТЖД суда құтқару қызметінің күшімен Ілек өзенінде екі балықшы құтқарылды. Олар балық аулап жүріп, мұз астына түсіп кеткен. Құтқарушылар балықшыларға алғашқы медициналық көмек көрсетті.


ҚР ТЖМ қызметкерлері бір күнде қар құрсауынан 205 адамды шығарып, қауіпсіз жерге шығарды.