ТЖМ жел туралы ескертуге байланысты Астанадан шығатын жолдарды жапты

"2008 жылдың 6 наурызында Астанада оңтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететін жел соғады деп күтілуде", - делінген ТЖМ хабарламасында.

"Қолайсыз күн райы ахуалына байланысты (көру қашықтығы 50 метрге жетпейді) Астанадан Көкшетауға қарай шығатын жол жабылды", - делінген хабарламада.