Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Talk Like" бағдарламасына берген сұхбатында айтып берді.
"Былтыр мен үшін өте ауыр жыл болды. Тура пандемия кезінде дәрі жоқ, адамның бәрі өліп жатқан кезде әкем мен сіңлім ауырды, қатты ауырды. "Өзегім өртеніп", - деген сөзді былтыр ғана түсіндім. Мына жерім ауырып кетті, осы жерім қуыс болып кеткен сияқты. Осы жерім өртеніп кеткен сияқты, қазір жоқ сияқты. 40 жасыма дейін біраз қиналған шығармын, бірақ былтырғы қиналғаным ерекше болды. Өте ауыр болды.Бір жағында әкем, бір жағында сіңлім. Жедел жәрдем шақырсам өліп қалса не болады деп, алып қалсам үйде өліп қалса не болады деген уайым болды. Сіңлім Таразда, ішінде 6 айлық баласы бар. Өте қатты қиналдым, жаным шырқырап кеткен болатын. Үш, төрт күн тамақ ішкен жоқпын. Ол кезде менің аяғым ауыр болған екен, өзім білген жоқпын. Сол уайыммен бала да өліп кетті. Сондықтан маған былтырғы жыл өте ауыр болды", - деді Жұлдызай Дүйсенбиева.