”Уақыт өте келе осының бәрін естен шығара салу”: Рахмоновтың экс-әйелі жан сырын ақтарды

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Бізде бос уақыт деген болмайтын. Тұңғышымыз дүниеге келмей тұрып та күнделікті режим қатаң ұстанамыз. Күнде 3 мезгіл жаттығу, үйде отыра алмайтын, 20-30 мин болса да өзін әурелеп әйтеуір жаттығуы керек. Айтпағым, Шавкат спорт үшін жаралған адам, ондай адамдар мыңнан біреу болады. Әрине спорт денсаулық кепілі және табыс көзі егер нәтиже көрсетіп биіктен көрініп жүрсең неге табыс таппасқа?! UFC-ге шығару бәріміздің арманымыз, түпкі мақсатымыз еді. 2016 жылдан бастап екеуміз қатты армандайтын едік. Кәдімгідей жаз не қыс демей таңғы 5-те тұрып аламыз. Ол жүгіріп кетеді, мен таңғы ас дайындап аптаның бірінші күнін осылай бастаймыз. Ал демалған күндері қазақша жазып оқимыз (ол өзбекстанда туылып өскен соң өзбекше оқыған) сосын о,ө,ң әріптеріне келгенде ұрысып қаламыз, бірақ жалғастырып оқимыз. Одан қалды UFC-ге қолтаңба қоюға жаттығамыз. "Ертең жанкүйерлерің көп болады, солар сұрайды сонда әдемі қоюың керек" деп. Бізде бос уақыт деген болмайтын. Кейін тұңғышымыз өмірге келді Шавкат осы үлкен қызын ерекше жақсы көреді. Үй, спорт, отбасы деп осылай тынбас еңбектің арқасында қазір бәрінің жағдайын жасап бір елдің азаматы болып отыр. Қызық. Уақыт өте келе осының бәрін естен шығара салу немесе ойға алмау мүмкін бе?! Бұл кездері оның жақындарына жақсы келін, жақсы жеңге едім. Ал қазір сол адамдар түрлі пікірлер жазып, одан қалды барынша Шавкатты маған қарсы қойып жаман көрсетіп әлек. Ешқандай өкініш жоқ, тек бір әттеген-ай бар. Мен көз жасымды көл қылып немесе өзімді жақсы болмаса аянышты көрсеткісі келетін адамдардың қатарына жатқызбаймын, шүкір оған санам жетеді. Бірақ, осынша жыл өмірдің ішінде менің де зор еңбегім бар, оны ешкімге таптатпаймын. Уақыт келеді, бәрі ретімен өз іс-әркетіне жауап береді", - деп жазды ол.