"Уақыт тым аз қалды, қобалжып жүрмін": Марқұм Томирис Байсафаның анасы жайсыз хабармен бөлісті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Жанна Ахметова денсаулығына қатысты жайсыз хабармен желідегі парақшасында бөлісті.

"Өте қобалжып отырмын, алғаш рет өзім жайлы көптің алдында айтайын деп отырмын. Біреуге пайдам тисем екен деймін, себебі біз өзімізге ешқашан уақыт таппаймыз.

Қазір бәрінде жанталас. Менің еш жерім ауырмады, мен бұны баршаңызға мені аяу үшін айтып отырғаным жоқ. Немесе бәрін жүрегіме жақын қабылдағаннан деп ойламаңыздар, бұл карма да емес.

Мен Кореяда чека өттім, сол кезде бұл жақта көрсетілмеген диагноз қойылды. Омырауда ісік табылды, сөйтіп өз еліме, туған қалама қайтамын деп шешім қабылдадым. Маған тек жақсы дәрігерлер кездесті", - деді ол.