Уақыт неге тез өтуде?

Уақыт қазіргі кезде өте тез жүруде. Оны алдыңғы буын әкелеріміз бен екі ғасыр көрген аталарымыз да жиі айтады. Таңның атқаны мен күннің батқанын санап үлгермейсің. Айтыскер ақын Балғынбек Имашов та өлеңінде соны меңзеген:

«Мейлi сен дүниенi жайпа, шайқа,

Зыр етiп өтедi өмiр байқа, байқа!

Өз басым көзiмдi ашып, жұмғанымша,

Жұма келiп қалады қайта, қайта».

Уақыттың мұнша жылдам өтуінің сыры неде?

Соңғы он жылдықта ғалымдар осы құбылысты егжей-тегжейлі зерттеп, біраз ақиқаттың басын ашты. Батыс білгірлері Жер шарында бүлкіл, яғни тамыр соғуы секілді тыныс бар екенін анықтады. Бұл жүректің бүлкіліне ұқсайтын, соғуы тұрақты, секундына 7.8 ырғаққа сәйкес келеді. Алайда шамамен 1980 жылдан бастап Жердің бүлкілі жылдамдай бастапты. Қазіргі уақытта ол шамамен секундына 12 ырғаққа тең. Ең қорқыныштысы – кейбір оқымыстылардың есептеуінше, осы ырғақ секундына 13-ке жеткенде, Жер шары нақты түрде өз білігінен айналуын тоқтатады.

Жер үш күн бойы айналмай тоқтап тұрады да, кері бағытқа айнала бастайды. Бұл магниттік полюстердің өзгерісіне алып келеді, ары қарай не болатыны белгісіз немесе қорқынышты.

Ғалымдардың болжамы осындай. Ал сіз пайғамбарымыздың мына хадистерін оқып көріңіз.

Ғаламның рақым нұрынан (Алланың сәлемі болсын) Хузайфа есімді сахабасы сұрады: «Келесі күні Күн батыстан шығатынын қандай белгілеріне қарап білуге болады?». Пайғамбар: «Сол күннің алдындағы түннің ұзақтығы үш түнге созылады. Түннің осыншалықты ұзақтығынан келесі таңда күн батыстан шығатынын ұққан адамдардың барлығы мешітке жүгіріп, сонда қорыққандарынан улап-шулап жылайды» дейді. Әнастан жеткен риуаятта Алла расулы айтады: «Уақыт тым тез жылжымай, ақырзаман келмейді. Жылдың ұзақтығы айдай, ай аптадай, апта күндей, күн сағаттай, сағат оттың жанып біткеніндей тез өтеді».

Хадистерде айтылғандарға ғалымдардың ашқан жаңалығының қалай сәйкесіп тұрғанын көрдіңіз бе? Күн батыстан шыққан мезгілге дейін жасалған тәубелер қабыл етіледі. Күннің батыстан шыққанын көріп, иман етіп, күнәсіне тәубе еткендердің амалы еш, қабыл етілмейді. Ендеше, ойланыңыз. Молаға барып көрген боларсыз. Барсаңыз, байқап көріңіз, кез келген мазар «намазды ертең бастаймын» деп, алайда соған жетпей өліп кеткендердің қабіріне толып тұр. Сіздің де қабіріңіз солардың қатарын толықтырып жүрмесін.


                                                                                                                                                   Ақпарат көзі: islam.kz