“Уақыт тығыз”: Танымал қазақстандық журналист қатерлі дертке шалдықты

Бұл туралы журналист, тележүргізуші Мейрамбек Таубалдиев айтты. Әріптестері оған қолдау білдіріп, көпшіліктен емі үшін көмек сұрап отыр, деп хабарлайды Stan.kz.

Өз сөзінде Мейрамбек Таубалдиев әріптесінің қатерлі дертке шалдыққанын естіп, есеңгіреп отырғанын айтты. Журналиске ем-дом үшін 4 миллион теңге қажет екен.

«Хабар» арнасындағы әріптес досым Меруерттің «аты жаман» ауруға шалдыққанын естіп, есеңгіреп отырмын. Ақ көңіл, еңбекқор әрі кез келген адамға қол ұшын созуға даяр тұратын құрбым бұл сынақты жеңіп шығарына сенімім мол. Тек қаржысын табуға жәрдемдесейікші. 4 миллион теңге. Уақыт тығыз», – деп жазды журналист Instagram желісінде.

Өз сөзінде ол Меруерт Жакуповаға демеу білдіріп, көпшіліктен немқұрайлы қарамауын сұрады.


«Меру, мықтысың, сәл шыда… Бақытты күндер алда», – дейді ол.

Журналиске көмек көрсетемін десеңіз, ақшаны төменде көрсетілген есеп шоттарға аудара аласыз:

Halyk Bank: 5354 5100 3443 3705 – Meruyert Zhakupova

Kaspi Bank: 5169 4931 5514 9837 – Сайлаубаев Ернар Аманович