"Уақыты келеді деп айттым": Генерал Амангелді Шабдарбаев Нұрқаділовтің өлімі туралы айтты

Бұл туралы ол "Abay live" Youtube арнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Мақпал Жүнісовамен кездестім, екеуміз жақсылап тұрып әңгімелестік. Ол кісі де өз әңгімесін айтты, мен де Заманбек туралы жақсы әңгімелерімді айттым. Бірақ уақыты келеді деп айтқаным рас. Мен деп айтқан жоқпын. Себебі, ол іске Ішкі істер министрлігі қарады. Бірақ, Заманбек ісін қатты тексеріп, ол жаққа барған жоқпын. "Махаббат үшін өз-өзін үш рет ататын адам емес" деп айтқанмын. Сондықтан ол өз-өзін атқан жоқ", - деді Амангелді Шабдарбаев.

Сондай-ақ ол әнші Мақпал Жүнісованың да өлімге "кесірі барын" атап өтті.