ҰБ басшысы теңге девальвациясы қайталанатынын жоққа шығарды

«Өкінішке қарай, арандатушылар тағы бір девальвация болатыны туралы дақпырт таратып жүр. Соның салдарынан көптеген айырбас пункттері кеше бағамды 200-205 теңгеге дейін көтеріп тастады. Ешқандай да екінші девальвация болмайды. Кешегі белгіленген шек мығым, біздің бұны ұстап тұруға күшіміз де қаражатымыз да жетеді, біз бұны қорғап тұра аламыз», - деп мәлімдеді ҰБ басшысы.

Бұдан бөлек, Қ. Келімбетов соңғы 5 жылда Қазақстанның Ұлттық банкі доллардың теңгеге қатысты бағамын 145-155 теңге арасында қорғап келгенін де еске салды.