Uber мен НАСА бірігіп ұшатын такси шығармақ

Uber және НАСА әлем бойынша  ұшатын такси желілерін ашу туралы келісімге келді деп жазады BBC.

Uber-дің директоры Джефф Холден келісімшарт ұшатын таксилердің маршруттарын реттеу мәселелерін қарастыратынны айтты.

Компанияның жоспарына қарағанда, ұшу аппараттары ұшқышсыз да ұшқышпен де жұмыс істейді. Бұл таксилерді смартфон арқылы шақыруға болады.