Үбі өзенінінде демалып жүрген туристер құтқарылды


Рафтингпен шұғылданатын спортшы-экстремалдар екпіні қатты өзенге түсеміз деп қайықтары мен ескектерінен айырылып қалған. Тіпті, өздері де батып кете жаздап, әрең дегенде әупірімдеп жағаға шығыпты. Кейін құтқарушыларды көмекке шақырған. Олар келіп жеткенше Таулы Үбінің маңайындағы қалың орманды паналапты. Қазір барлығы аман-есен Өскеменге жеткізілді.