"ҰБТ басталар алдында балаларымызды аудиторияларға жіберіп отырған күзетшілер оларды тексерген болатын. Олардың ұялы телефон ба, шпаргалка ма, әйтеуір, не іздегенін білмеймін. Қалай дегенмен олар қыздарды еш ар-ұятсыз тексерді. Сол арқылы олар балаларымыздың ашуы мен наразылық тудырды", - деп мәлімдеді М. Гурина.
Сонымен қатар, оның айтуынша, "біреу дәретханаға рұқсат сұраған кезде оны да тексерген. Дегенмен, кейіннен балаларымыз күзетшілермен жақсы қарым-қатынас орнатып алып, 3 мың теңгеге дәретханада еш саспастан отырып алып, біреулермен сөйлесу арқылы жауап іздей алды", - деді ол.