Департамент директорының айтуынша, ҰБТ бес пән бойынша жүргізіледі: қазақ және орыс тілдері (мектепте білім алатын тілі), математика, Қазақстан тарихы, орыс тілінде оқитын мектеп түлектеріне қазақ тілі және қазақ тілінде оқитын мектеп түлектеріне орыс тілі. Сонымен қатар, тестілеу оқушының таңдаған маманына байланысты бір пән таңдап алынады.
"Тест тапсырмаларының саны әрбір пән бойынша - 25, тест тапсырмаларының барлығы - 125. Жоғарғы оқу орнына қабылдануы үшін мектеп бітіруші 50 баллдан кем жинамауы керек. Оның ішінде мамандық пәнінен 7 балл және қалғандарынан 3 баллдан кем емес болуы керек", - деп хабарлады Р. Шимашева.
Оның айтуынша, биылғы жылдың бұрнағы жылдардан айырмашылығы тест тапсырмасының мазмұны бойынша шағымдар түлектерден белгіленген түрде тест өткізіліп жатқан кезде қабылданады. Бұл қате кеткен тест тапсырмасы болуы мүмкін. Дұрыс жауаптың жоқтығы немесе бірнеше дұрыс жауабының тұруы да аппеляцияға негіз бола алады. Техникалық себептер бойынша аппеляциялық арызды түлек нәтиже жарияланғаннан кейін келесі күні күндізгі сағат 13.00-ге дейін бере алады.
Р. Шимашева сондай-ақ, тест өтіп жатқан кезде түлектен ұялы телефон, дұрыс жауабы болуы мүмкін деген кодтар жазылған шпаргалканы тауып алған жағдайда ол аудиториядан қуылады, оның тесті есептелмейді және ол түлектің жауап парағы сканерден өткізілмейді.
Білім беру департаментінің директорының айтуынша, ҰБТ сертификатының баллын орта білім беру туралы аттестат бағасына көшіру шкаласы өзгерістерге ұшыраған.
Департамент мәліметтеріне сүйенсек, биылғы жылы қала мектептерін 8579 түлек тәмамдайды. Оның ішінде, қазақ тілінде оқитын - 2724 (31,7%), орыс тілінде оқитын - 5721 (66,7%) және ұйғыр тілінде оқитын - 134 (1,65%). ҰБТ тапсыруға 7386 түлек немесе түлектердің жалпы санының 86,1% (2007 жылы - 82%) өтініш берген.
Департамент жүргізген сараптамаға сәйкес, таңдау пәні бойынша басымдық жағрафия - 44,2%, ағылшын тілі - 22,6% мен физика - 16,1% пәндеріне берілген.