Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры қызметін атқарушы Дидар Смағұлов Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"ҰБТ кезінде 90 375 ұялы телефон, 28 344 калькулятор және 1 867 шпаргалка тәркіленді. Құрметті ата-аналар мен мұғалімдер, жүйені алдау қабілеттілігі үшін емес, балаларды адал бәсекелестік пен білім көрсеткішін таза көрсететіндей деңгейде дайындау керек. Бұл жақсылыққа апармайды", - деп жазды Дидар Смағұлов. Ұлттық бірыңғай тестілеу Қазақстанда 20-30 маусым аралығында өтті. Биыл 117 242 адам ҰБТ тапсырды.