ҰБТ нәтижесін үйде отырып білу үшін интернет болса жеткілікті. Ол үшін мына сілтеме арқылы өтіп, ЖСН нөмірі мен қатысушының емтихан алдында алған жеке кодын теру қажет.
Маусымның 2-сі мен 9-ы аралығында өтетін сынаққа қатысуға биыл мектеп бітіруші 121 мың баланың 87 мыңы ниет білдірген. Оның ішінде 63 мың мектеп бітіруші - қазақ тілінде, қалған 24 мыңға жуығы орыс тілінде білімін сынайды.
Айта кетейік, биыл қазақстандық түлектер ҰБТ-ны соңғы рет дәстүрлі жүйеде тапсырып жатыр. Тест 10 маусымға дейін созылады.