Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengri Education-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Құжат 2017 жылдан бері қолданыста болған ҰБТ өткізу ережелеріне өзгерістер енгізеді.
Өткізіп алған тестілеуді басқа күнге ауыстыру
Жаңа ережеге сәйкес, ҰБТ-ға қатысуға өтініш беріп, бірақ емтиханға келмеген талапкерлер тестілеу кезеңі ішінде кейінгі күндердің бірінде бос орын болған жағдайда тест тапсыра алады.
Ол үшін дәлелді себеп болу керек:
Мұндай жағдайда Ұлттық тестілеу орталығы директорының атына өтініш жазып, растайтын құжаттарды қоса тапсыру қажет.
Өтініш беру мерзімі бекітілді
Ережеде тестілеуге қатысу үшін өтініш беру кезеңдері де белгіленген. Өтінішті онлайн түрде:
Тіркелу кезінде талапкер тестілеу пунктін, емтихан күнін және уақытын таңдайды.
Егер талапкер өтініш беру мерзімін өткізіп алса, бос орын мен дәлелді себеп болған жағдайда, оған кейін тіркелуге мүмкіндік беріледі.
Мұндай себепке ауру, жақын туысының қайтыс болуы, олимпиадаға қатысу немесе төтенше жағдай кіреді.
Апелляция беру тәртібі өзгертілді
Тестілеу аяқталғаннан кейін компьютер экранында нәтижені талдау картасы — жауап нұсқалары мен жиналған балдар көрсетіледі.
Талапкерге нәтижемен танысып, апелляция беру немесе тестілеуді аяқтау туралы шешім қабылдау үшін 10 минут беріледі.
Апелляцияға өтінішті тест аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде беруге болады. Апелляция нәтижесі 30 жұмыс күні ішінде шығады.
Бір мамандық үшін пәндер комбинациясы өзгерді
"Химиялық инженерия және процестер" білім беру бағдарламалары тобы үшін бейіндік пәндер комбинациясы түзетілді.
Бұл мамандыққа түсу үшін келесі пәндерді тапсыру керек:
Тест құрылымы өзгерген жоқ. Талапкерлер бұрынғыдай Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы мен екі бейіндік пән бойынша тест тапсырады.