Елімізде 77,2 мың түлек тестілеуді қазақ тілінде тапсырса, 25 мыңы орыс тілінде. Биылғы ҰБТ-ның нәтижесі бойынша 84 065 түлек шекті деңдейден өтіп, ЖОО-на түсуге жолдама алды.
Ал, тапсырушылардың 14 633 немесе 14% -ы ҰБТ-дан өтпей қалды. Сондай-ақ, ағылшын тілінде тестілеуге өтініш білдірген 46 түлектің 28-і ғана сынық тапсыра алды.
«Тест тапсырмалары бойынша республикалық апелляциялық комиссияға 243 өтініш түсті, олардың 101-і қанағаттандырылды. Ал,техникалық себептер бойынша түскен 396 өтініштің 120-сы қанағаттандырылды, олардың ішінде ағылшын тіліндегі тест тапсырмалары бойынша өтініштер келіп түскен жоқ»,- деді Әлімқұлов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.
Сонымпен қатар, орталық диектеры тоғыз түлектің сынақ нәтижелерінің жойылған да айта кетті.
Биылғы жылы тест тапсыраушардың көбі математика, физика пәнін таңдаған екен. Бітірушілердің 26,7% -ы осы пәндерге бейім қойған. Бұл пәнді таңдағандар 52 техникалық мамандыққа түсуге мүмкіндік ала алады.