ҰБТ-2023: оқуға түсу үшін қанша балл жинау керек

Бұл туралы Caravan.kz медиа портал Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Кейбір бағыттар бойынша оқуға түсу үшін 100 және одан көп балл жинау қажет.

"Стоматология" бағыты бойынша кемінде 130 балл жинау керек;

"Фармация" – 120 баллдан кем емес;

басқа медициналық бағыттар бойынша – кем дегенде 100 балл;

"Құқық" және "Педагогика ғылымдары" бағыттары бойынша – кем дегенде 75 балл;

"Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" – кем дегенде 70 балл;


"Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария" – кем дегенде 60 балл;

ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін – кем дегенде 65 балл;

басқа жоғары оқу орындарына – кем дегенде 50 балл.

Жоғары оқу орындары оқуға түсу үшін бұдан да жоғары шекті балл белгілей алады.