Ұлттық бiрыңғай тестiлеуден құлап, оқуға түсе алмай қалған түлектерге тегiн бiлiм беру тетiгi қарастырылды. Бұл туралы ОКҚ брифингi барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi Бiржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.
«Егер соңғы жылдарды сараптап қарайтын болсақ, жыл сайын Ұлттық бiрыңғай тестiлеуден өте алмай, оқуға түспей қалған мектеп түлектерiнiң саны орта есеппен 20 мыңды құрайды. Сондықтан биылғы жылы осы балаларды техникалық кәсiптiк бiлiм беру орындарына мемлекеттiң есебiнен тегiн оқуға жолдаймыз», - деді Нұрымбетов.
Вице-министрдiң айтуынша, қазiргi таңда 361 техникалық кәсiптiк бiлiм беру орындары оларды қабылдауға дайын. Бiрiншi қыркүйектен бастап балалардың барлығы оқуға барады, қазiр олардың тiзiмi даярланып жатыр.
«Оқуын бағдарлама (Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы - агент.) есебiнен төлеймiз, шәкiртақысы төленедi. Сондай-ақ, бiр мезгiлдiк ыстық тамақпен қамтылады», - дедi вице-министр.
Оның айтуынша, бiлiмi жоқ жұмыссыз жүрген ересек азаматтар 1-6 айлық қысқа мерзiмдi курстарға тартылады. 1 шiлдедегi жағдай бойынша, 21 мың 127 адам қысқа мерзiмдiк курстарға тартылды, бiтiргендердi жұмыспен қамту жағы да қарастырылған.
«Адамның жұмысқа орналасуына басты кедергi - бiлiмнiң болмауы. Ресми көрсеткiшке келсек, елiмiзде 9 млн-ға жуық еңбекке қабiлеттi, экономикалық белсендi адам бар. Соның 27-28 пайызы, өкiнiшке орай мектептегi орта бiлiммен шектелген. Ал өз бетiнше жұмыспен қамтылғандардың жартысы, жұмыссыздардың 25 пайызы мектептегi орта бiлiммен қалған. Сондықтан, халықты жаппай оқытуды мақсат етiп отырмыз», - дейдi Нұрымбетов.
Вице-министрдiң айтуынша, бұрынғы жылдары «Жол картасы» бойынша жылына 6-7 мың адам оқытылса, жаңа бағдарлама (Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы - агент.) бойынша биылғы жылдың өзiнде барлығы 90-100 мың адамды (түлектер мен ересектер - агент.) оқыту көзделiп отыр.
Айта кетейік, бiз бұған дейiн биылғы оқу жылынан бастап жастар колледжге емтихансыз қабылданатыны жайлы хабарлаған едiк.