ҰБТ-ның екінші күнінде тест тапсырушылардан 2 307 ұялы телефон, 2 641 шпаргалка алынды

Бұл туралы ҚР БҒМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Екінші күннің қорытындысы бойынша да Алматы қаласындағы №159 лицейдің түлегі Марат Әсия Жандосқызы ықтимал 125 баллды жинады.

Естеріңізге сала кетейік, алғашқы күннің озық нәтижесін де алматылық №178 лицейдің түлегі Әбдіжаппар Айғаным Бақытқызы көрсеткен болатын. Ол бірінші күні ықтимал 125 баллды алды.

Айта кетейік, 3 маусымда тест тапсыруға елімізде 17 351 түлек қатысты.


Тест сынақтары 60 пункттің базасында тапсырылды. Қазақстан бойынша 2 012 түлек 100-ден астам балл жинаған. Ал шекті көрсеткішке (50 балл) 3883 түлек жете алмады. Екінші күнгі ҰБТ орташа баллдық көрсеткіші 75,7-ні құраған.  2013 жылы бұл көрсеткіш 73,9 балл болатын.