УЕФА алдағы уақытта чемпионатты 12 немесе 24 қалада өткізу мүмкіншілігін қарастырып жатыр

BBC News-тің хабарлауынша, бұл жайында УЕФА-ның президенті Мишель Платини мәлім еткен.

Оның пайымынша, чемпионатты осылайша өткізу қаржылық тұрғыдан алып қарағанда барынша жеңіл болмақ. Платинидің айтуына қарағанда, чемпионатты бір елдің 12 стадионында, сонымен қатар бүкіл Еуропадағы 12-13 қалада өткізуге де болады.

Айта кетейік, УЕФА жоспарына сәйкес «Еуро-2016» Францияда өтеді. Оған алғаш рет 24 құрама команда қатысатын болады.