УЕФА басшысы Еуро-2012-нің фавориттерін атады

Бұл ретте Платини, бұл тек өзінің пікірі екендігін атап өтті, деп хабарлады Утро.ру.

Оның пайымынша, жарыста Германия мен Испания құрамаларында табысқа жетуге үлкен мүмкіндік бар. Барлық құрамаларға қарағанда дәл осылар жарыс алдында шығынға аз ұшырады және теңгерімді, шеберлі құрамға ие, онымен қоса ойыншылардың жасы тым үлкен де, тым кіші де емес.

Германия құрамасы бұл чемпионатта ең жасы болғанымен, оның құрамында өздерінде көшбасшылар болып табылатын Филипп Лам, Бастиан Швайнштайгер және Мирослав Клозе сынды тәжірибелі ойыншылар бар. Испания құрамасында орны ерекше қақпашы Икер Касильяс, сондай-ақ алаң ойыншылары Хави, Серхио Рамос және Фернандо Торрес ерекшеленеді.