УЕФА Еуро-2012: Ресей футбол одағына қатысты тәртіптік іс қозғалды

Бұл туралы УЕФА-ның ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

УЕФА ақпаратына сәйкес, бұл шешім баяндамалар мен қолда бер түсірілімдерді зерделегеннен кейін қабылданған. Аталған мәліметтерге сәйкес, Польшада ресейлік жанкүйерлер отшашу үшін қолданылатын оқ-дәрі заряды бар қағаз снарядтарды жағып лақтырған. УЕФА-ның тәртіптік органы аталған істі 13 маусымда қарайды.