УЕФА Еуро-2012 стадиондарында шылым шегуге тыйым салды

«УЕФА темекі бұйымдарын чемпионаттың барлық стадиондарында пайдалануға, сатуға және жарнамалауға тыйым салады», - делінген хабарламада.

УЕФА президенті Мишель Платинидің сөзіне қарағанда, 2012 жылғы Еуропа футбол біріншілігі шеңберінде шылым тартуға тыйым салу арқылы көрермендер мен турнирді өткізуге қатысушылардың денсаулығына қамқорлық жасалмақ.