УЕФА Еуропа лигасы: «Ақтөбе» екінші айналымға шықты


Осы жолы да ақтөбелік Марат Бикмаев ерледі. Бұған дейін Кутаиси қаласында өткен ойында ол бір гол соғып, таразы басын теңестірген болатын. Сол кезде «Ақтөбе» мен «Торпедо» арасындағы ойын 1:1 болып аяқталған. Кеше Грузияның «Торпедо» командасын өз алаңында қабылдаған «Ақтөбе» өз қарсыластарын 1:0 есебімен жеңді. Голдың авторы - Марат Бикмаев. Осылайша Қазақстанның «Ақтөбе» командасы УЕФА Еуропа лигасының іріктеу матчтарының екінші айналымына шығып отыр.