УЕФА Кубогының элиталық раунды: «Қайрат» қарсыласын 11:2 есебімен жеңді

Бірінші ойында француздық «Спортинг» сербиялық «Экономацтан» 4:1 есебімен басым түсті. «Қайрат» Еременко Кубогында жолын кескен латвиялық «Никарстан» 11:2 есебімен есе қайтарды. Екінші турда «Қайрат» пен «Спортинг»  бірінші орынға таласпақ.

1-ші тур

«Экономац» (Сербия) - «Спортинг» (Франция) 1:4 (0:2)

«Қайрат» - «Никарс» 11:2 (6:0)


1-ші турдан кейінгі турнирлік кесте:

1. «Қайрат» - 3 ұпай (1 ойын);

2. «Спортинг» - 3 (1);

3. «Экономац» - 0 (1);

4. «Никарс» - 0 (1).

Бүгін  2-ші турда «Никарс» - «Экономац» және «Қайрат» - «Спортинг» арасында тартысты кездесулер өтеді.