УЕФА: «Шахтер» құрбандыққа қой союын тоқтатпаса тәртіптік жазаға ұшырайды


Қазақстан чемпионы Астанада өткен алғашқы кездесу алдында құрбандыққа мал сойған болатын. Ол матчта «Шахтер» 2:0 есебімен басым түскен соң енді қарымта матч өтетін «Селтик Парк» стадионында да қой сойылатыны жөнінде ақпарат тараған еді.

Осыдан соң жануарлар құқығын қорғайтын «Peta» тобы УЕФА президенті Мишель Платиниге хат жолдап, «Шахтерді» жазалауды сұраған екен. Нәтижесінде УЕФА «Шахтермен» хабарласып, егер қарағандылықтардың кесірінен қандай да бір жануарлар зардап шегетін болса, олар тәртіптік жазаға ұшырайтынын ескерткен.