Маман 28-ші қаңтар мен 2-ші ақпан аралығында Алматыда болып, Универсиада қатысушыларына медициналық қолдау көрсетеді деп күтілуде. Сонымен қатар, Мехмет Биннет тегін консультация жүргізеді.
«Осындай деңгейдегі спорттық жарыстарда тек алғашқы медициналық көмек көрсету ғана емес, спортшылардың денсаулығын сақтап қалу мен жарақаттың алдын алуға байланысты ұйымдастырылатын шараларға да көңіл бөлінеді. Бұл тек жоғары деңгейлі ортопедотравматологиялық көмек пен «спортшы-бапкер-дәрігер» атақтарының бір ойға жұмылуынан іске асады», - деді Беннит.
Айта кетейік, Ванкувердегі қысқы Олимпиададан кейін ең қауіпті спорт ретінде сноубординг танылған. Бұл спортта 22 спортшының 16-сы жарақат алды. Сонымен қатар, хоккей, тау шаңғысы, мәнерлеп сырғанау мен трамплиннен секіру спорттарында жарақат алу деңгейі жоғары.