Уфада Үндістан мен Пәкістанды ШЫҰ-ға мүшелікке қабылдау процедурасы басталды

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше ретінде қабылдау процедурасын  бастау туралы шешім қабылданды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары Үндістан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасын Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүшелікке қабылдау процесінің басталғандығы туралы шешімге қол қойды.