"Кезекті алтыншы МедиаФорум міндетті түрде өтеді", деп мәлімдеді бас продюсер.
Сонымен бірге В.Рерих форумды ұйымдастырушы топтың құрамы өзгергенін хабарлады. "Жуырға дейін Еуразиялық МедиаФорумды басқарып келген бас директор Талғат Дайырбеков бұл қызметтен кетті. Ол бұл қадамға өз еркімен барды",- деді В.Рерих. Баспасөз мәслихаты барысында В.Рерих журналистерге Еуразиялық МедиаФорумның жаңа бас директоры Лариса Пакты таныстырды.
Өзінің кәсіби тәжірибесі туралы ақпар берген Л.Пак "өзінің кәсіби ұйымдастырушы" екенін жеткізді.
Ұйымдастырушылар алдағы форумды "Әлемдік саясаттың гуманизм аясынан шығып бара жатуының алаңдатарлық белгілері. Азаматтық және саяси қарым-қатынастардың қатулана түсуі" атты ортақ тақырып аясында өткізбекші.
Еуразиялық МедиаФорумның бас директорының айтуынша, бағдарламаға қазіргі таңда халықаралық саяси және медиақоғамдастық үшін айрықша өзекті болып табылатын бірқатар тақырыптар енгізіледі. Атап айтсақ, Таяу Шығыс проблемалары төңірегінде және Саддам Хусейннің үстінен жүргізілген сот туралы ақпарат тарату жайы, Ливандағы әскери қақтығыс; Иран мен Солтүстік Кореядағы ядролық саясат мәселелері; ТМД елдеріндегі "сөз бостандығы" ахуалы; Еуразия аймағы елдеріндегі энергетикалық қауіпсіздік және "құбыр" саясаты; БАҚ-тардың "гламур" немесе "ойын-сауыққа" бой алдыру ағымы; Қазақстандық Борат Сагдиев атты ойдан шығарылған журналист феномені және т.б.
"Ал шараның форматына келсек, біз интерактивті алқа-қотан жиындар ұйымдастырып, залға өз пікірін ортаға салуға мүмкіндік бермекпіз. Біз пікірталас, ток-шоу, сұхбат секілді телевизиялық форматтарды пайдаланамыз",- деді Л.Пак.
"Біз жарыссөзге шығатындардың арасынан қазіргі заманның интеллектуалдық жетекшілерін көргіміз келеді. Сол себепті біз әлемге танымал философтар Фрэнсис Фукуяма, Ричард Хантингтон, Умберто Эко; бестселлерлер авторлары Харуки Мураками мен Мишель Уэльбек; ресейлік саясаткер Евгений Примаков пен Михаил Горбачев; философ әрі исламтанушы Гейдар Джемаль, АҚШ ойшылы Ноам Хомскийді шақырдық",- деді В.Рерих.
Ресейден келетін форумның жас қатысушылары арасынан В. Рерих Сергей Минаев ("Духless" авторы), Александр Архангельский ("Культура" телеарнасындағы ток-шоу жүргізуші), Олег Кашин (ресейлік кейбір интернет-басылымдардың редакторы), "гламур" медиа өкілі ретінде Ксения Собчактың келетінін хабарлады.
Ал қазақстандықтардан шараны ұйымдастырушылар сессиялардың модераторлары ретінде Мұрат Әуезовты, Ғани Қасымовты, сондай-ақ, "Саша Барон Коэннің шабуылына бірінші болып кеудесін төсеген" Ұлыбританиядағы Қазақстан елшісі Ерлан Ыдырысовты шақырмақшы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті