Уимблдон турнирінде З.Дияс келесі айналымға шықты

www.championat.com сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Зарина қарсыласын 7:6, 6:4 есебімен тізе бүктірді. Келесі айналымда қазақ қызы әлемдік рейтингте өзінен әлдеқайда жоғары тұрған испаниялық теннисші Карла Суарес-Наварромен шеберлік байқасады.

Мұның алдында Қазақстанның бірінші ракеткасы Ярослава Шведова чехиялық Кристина Плишкованы үш партияда ұтқан болатын. Оның ендігі қарсыласы - эстониялық Кайя Канепи.