"Ұялады, әбден шаршаған, бәрі қолын шошайтып қарайды": Ләйлә Сұлтанқызы блогер Елдос Колобоктың ауыр халін еске алды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ләйлә Сұлтанқызы Елдос Колобок пен оның жарына қалай көмектескенін айтты.

"Шетелде сапарда жүргенде Елдос пен келіншегінің сұхбатын көрдім. Келген соң көмекші қызыма Елдос пен Таңшолпанның номерін тауып беруді сұрадым. 5-10 минутта тауып берді. Олардың сұхбатын көріп, шыны керек, жүрегіме қатты алдым. Оларды Астанаға, мықты мамандармен жұмыс жасағандықтан, соларға шақырдым.

Дей тұрғамен ол кісілер бірден келісім бермеді. Сосын арада бір жыл өткеннен кейін Таңшолпан хабарласып: "Ләйлә ханым, сіздер көмек беремін деп едіңіздер ғой" деді. Сөйтіп қандай өтініштерің бар деп сұрадым. Ол: "Біз ұяламыз, әбден шаршағанбыз. Клиникаға барсақ қолын шошайтып қарайды, ол мыналар тағы келді ме деп айтады. Ұяламын" деп айтты.

Алғашқы кездесуден соң, дәрігерлер де айтты: "Ләйля ханым, біз барынша емдеуге тырысамыз" деді...

Барды бар, жоқты жоқ деуіміз керек. Елдостың жағдайы ерекше жағдай деп айтсам болады. Яғни, репродуктология саласында біздің қаншама мемлекеттерден озып кеткенімізді көрсетіп тұр.

Айтарым, соңына дейін күресу керек, бәрі жақсы болады. Бәрі құдайдың қолдауымен, дәрігерлердің біліктілігінің арқасында", - деді ол.