Оның айтуынша бренд сумка мен киім киіп, қымбат көлік, үйін көрсететін олар, халыққа тым аз ақша аударған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.
"100.000... 200.000... дей ме?...))(( Негізі, "статус" деп, бір-бірімен жарысады, қымбат үй алып, қымбат көлік мініп, 10-15 млн-дық бренд сумка, бренд киімдеріне мақтанады.... шетел.... қыдыру, той-томалақ, астау-астау ет жегенін көрсеткенде, алдарына жан салмайды... тойда фонограммамен айтқан үш әні үшін халықтан алатын гонорарлары миллионнан кем емес...
"Статустарына" лайық болу керек қой...)( Біртүрлі... тізімді оқып отырып мен ұялып кеттім.. (Алдыңғы постымды жауып қойып едім... ашып қояйын...))", - деп жазды ол.