Ұят болды - Баян Алагөзованың бұрынғы күйеуімен бірге көзге түскен келіншек өз шындығын айтты

Көпшілік оны кәсіпкердің жас әйелі деп топшылаған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Естеріңізде болса, желіде Бақытбек Есентаевтың тойда жас әйелмен бірге түскен суреті тарады. Көпшілік тіпті кәсіпкердің үйленгенін, суреттегі оның жас келіншегі екенін жарыса жазды.

Белгілі болғандай оның есімі Ақбота Құдайберген болып шықты. Алайда суреттегі келіншек аталған жайтқа қатысты түсініктеме берді.

"Жандарым менің, кешелі бері директ пен ватсапқа келген смс-тер мен скриндерді көтере алмай, телефоным қатып қалды. 1 тәулік трассада, жолда болдым. Ұйқыдан тұрып, барлығын оқып, өзім қиналдым.

Ең бірінші келген ой, Бақытбек ағадан ұят бопты-ау дедім. Сонан соң ғана өз ағаларыма айттым мән-жайды. Ұлым да қандай күйде болды екен деп. Ақталғаным емес, ұялып кеткенім. Өзіммен өзім таза жолда жүріп, әңгімеге ілініп кеткенім-ай деп қынжылдып", - деп жазды ол.