Ақпарат көздерінде жарыққа шыққан бұл жаңалықты көпшілік қызу талқылап жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Естеріңізде болса, журналист Ася Асеткина желіде әншіні қолдап жазған пост жазған еді. Кейіннен оны өшіруге мәжбүр болған.
"Достар, мен Нұрғали Нүсіпжанов туралы постымды өшірдім. Себебі, ағаның жағдайын жақсы білетін кісілердің айтуы бойынша, Нұрғали ағаға осыған дейін бір емес, бірнеше рет (әкімдіктен де, меценаттар да) үй сыйлаған екен. Бірақ олардың, жас жұбайы Жадыра екеуі ол алған үйлерін қанағат тұтпай, қалаулары – Алматының жақсы районынан, үлкен үй алу екен. Анығын біліп алмай, асығыс пост салғаным үшін өздеріңізден кешірім сұраймын", - деп жазды журналист.
Көпшілік Нұрғали Нүсіпжанов пен оның жас әйелінің бұл қылығын сынға алған. Олар түрлі пікірлерімен желіде бөлісіп жатыр.