Желі қолданушылары "Әр әйел бақытты болуға лайықты" деген жазба қалдырған өнер иесінің тұрмыс құрғалы жатқанын жазуда, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Ақбота Керімбекова сияқты төртіншіден тоқтайтын шығар, ұяты оянса", "Үшінші некесі ме?", "Байға шыққыш екен өзі", "Аузы күйген үрлеп ішеді деуші еді, абайлашы", "Нешінші рет тимекші, тоймайды екенсің", "Хиджаб киіп алып спокойно шыға береді екен", - деп жазды олар.
Бірақ, кейін белгілі болғандай бұл видео тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерді қолдау мақсатында түсірілген болып шықты.
Қайрат Нұртастың "Арман" әнін орындаған әнші видеоны #Салтанатүшін хэштегімен жариялады.